«Romantic» гүл дүкеніндегі оқиғаға қатысты

«Romantic» гүл дүкеніндегі оқиғаға қатысты

8 тамыз 2023 жылы әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ –да «Romantic» гүл дүкенінің жұмысшыларына физикалық күш қолдану қаупін жасаған адам прокуратура қызметкерінің ұлы деген ақпараттар жарияланған.

Аталған адам прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ, прокуратура қызметкерлерімен туыстық қатынаста емес екенін хабарлаймыз.

Сонымен қатар жедел іс шаралар барысында құқық бұзушы анықталып, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 бабымен (ұсақ бұзақылық) хаттама толтырылды.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 9 тамыз 2023 жылғы  қаулысымен 7 тәулік қамақ түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы