Еңбекші ауданының прокуратурасы Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі-ӘҚБтК) 92-1-бабымен қаралған әкімшілік істердің заңдылығына талдау жүргізді.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 30-бабына сәйкес жұмыс берушілер қызметкерлердің әлеуметтік аударымдарын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
Осы норманы бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 92-1-бабы (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңнаманы бұзу) бойынша жауаптылық көзделген.
Сонымен қатар, адам құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі ай өткен соң әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды (ӘҚБтК 62-бабының 1-бөлігі).
Алайда талдау барысында Басқарма әкімшілік жауаптылыққа тарту мерзімінің өтуіне қарамастан, 18 кәсіпкерді негізсіз ӘҚБтК-нің 92-1-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартқаны анықталған.
Яғни, Басқарма ӘҚБтК-нің 62-бабының 2-бөлігінде көзделген 5 жылдық мерзімді қате қолданды, ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамаға қолданылмауы тиіс.
Аталған деректер бойынша аудан прокуратурасы әкімшілік істер бойынша наразылық енгізіп, нәтижесінде 18 заңсыз қаулының күші жойылды. 18 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Еңбекші ауданының прокуратурасы