Әкімшілік іс жүргізу процесін цифрландыру жұмыстары жетілдірілуде.

Әкімшілік іс жүргізу процесін цифрландыру жұмыстары жетілдірілуде.

Қала прокуратурасы әкімшілік іс жүргізу процесін цифрландыру мәселесі бойынша мекемеаралық мәжіліс өткізді.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткен мәжілісте құқықтық статистика органының потенциалын пайдалана отырып құқық қорғау органдарының күнделікті қызметінде алдыңғы қатарлы цифрлық технологияларды енгізу жұмысын жалғастыруға тапсырма берген.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитеті əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу процесін цифрландыру жұмысын жалғастыруда.

Мəселен, «Әкімшілік іс жүргізудің біріңғай тізілімі» жобасын іске асыру кезінде аттас ақпараттық жүйе əзірленді, сондай-ақ аталған жүйе арқылы уəкілетті мемлекеттік органдарға істерді электрондық форматта жүргізудің толық мүмкіндігі қолжетімді (істерді қозғау жəне қарау, сондай-ақ салынған жазаларды орындаумен байланысты процестік əрекеттерді қабылдау).

Осыған байланысты барлық әкімшілік практика субъектілері ағымдағы жылғы 1 шілдесінде бастап әкімшілік істерді электронды қозғау, сотқа электронды нысында жолдау және қарауға көшеді.

Мекемеаралық мәжіліс қорытындысы бойынша әкімшілік практика субъектілеріне қажетті «Графикалық планшет-стилус, мобильдік планшет, термо-принтер, ВПН симкарталар» техникалық құралдарымен жабдықтау мәселесін қарастыру тапсырылды.

Шымкент қаласының прокуратурасы