"БІР КӨЗДЕН САТЫП АЛУЛАР ТОҚТАТЫЛДЫ"

"БІР КӨЗДЕН САТЫП АЛУЛАР ТОҚТАТЫЛДЫ"

Шымкент қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу порталының мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады.

Тікелей шарттарды жасасу арқылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден сатып алу фактілері анықталды.

Мәселен, «Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Қалалық онкологиялық орталығы» МКҚК бір көзден «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасы негізінде «АРМАТА мүгедектер қоғамы» ҚБ-мен жиһаз дайындауға шарт жасасқан.

Алайда жоғарыда аталған норма мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедегі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тек мүгедектігі бар адамға арналған таксидің көрсетілетін қызметтерін сатып алуға көзделген.

Жиһаз жасау жөніндегі қызметтердің бір көзден қолданыстағы заңнаманың нормаларымен сатып алу көзделмеген.

Жалпы Шымкент қаласының басқа мемлекеттік кәсіпорындары мен мекемелері бір көзден алу тәсілімен 26 шарт жасалғаны анықталды.

Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша 5 лауазымды тұлға 1 млн. теңгеден астам айыппұл салумен әкімшілік жауаптылыққа тартылды, орындау сатысындағы 4 шарт жойылды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы