Прокуратураның араласуымен 2023 жылға қала бюджеті үнемделді.

Прокуратураның араласуымен 2023 жылға қала бюджеті үнемделді.

Қала прокуратурасы жергілікті атқарушы органдарда Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) қолданылуына және 2022-2023 жылдарға қала бюджетін қалыптастыру, нақтылау, түзету барысында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.

Прокурорлық қадағалау актісін қараумен жалпы 1,4 млрд теңге қаржы қарастырылған бюджеттік бағдарламалар бюджеттік комиссия қарауына қайта ұсынылып, «2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23/217-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 сәуірдегі №2/12-VIII шешімімен қысқартылды (жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша 1,1 млрд теңге, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы бойынша 160,6 млн. теңге және мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы бойынша 212,1 млн. теңге).

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың жауапты лауазымды тұлғаларынан бастап, 3 басқарма басшыларының орынбасарлары (құрылыс, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары) тәртіптік жауаптылыққа тартылып, сондай-ақ қалалық жайлы ортаны дамыту басқарма басшысының орынбасары ӘҚБтК 207-бабы 11-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша қала прокуратурасының араласуымен 2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті бюджеттік бағдарламалар бойынша жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге қаржы үнемделді.

Шымкент қаласының прокуратурасы