Жетім балдар тұғын үй кезегіне қойылды.

Жетім балдар тұғын үй кезегіне қойылды.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының прокуратурасы ағымдағы жылы  кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы заңнамалардың сақталуына, оның ішінде жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй кезегіне уақтылы қойылуына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесімен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балалардың заңды өкілдерінің (қорғаншы немесе қамқоршылар) қамқорлыққа алынушылардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органға есепке алу үшін уақтылы жүгінбеу салдарынан, аталған санаттағы балалардың құқықтарының бұзылуына алып келген фактілері орын алғандары анықталды.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен бүгінгі күні 22 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үй кезегіне қойылды және бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Аудан прокуратурасы осы санаттағы балалардың заңды өкілдерін (қорғаншы немесе қамқоршылар) егер қамқорлыққа алынған балалардың тұрғын  үйлері болмаған жағдайда дереу қалалық Тұрғын үй басқармасына барып, өтініш беру арқылы тұрғын үй кезегіне қойдыру қажеттігін түсіндіреді.

Еңбекші ауданының прокуратурасы