Қала прокуратурасының 2022 жылғы жұмыс қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы алқа отырысы өтті

Қала прокуратурасының 2022 жылғы жұмыс қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы алқа отырысы өтті

30 желтоқсанда Бас прокуратураның 3-Қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісовтың қатысуында қала прокуратурасының 2022 жылғы жұмыс қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы алқа отырысы өтті.

Прокурорлар 592 бұзушылықты жойып, 2201 адам түрлі жауапкершілікке тартылды.

14 мыңнан астам жұмыскерлердің құқықтары қалпына келтірілді.                                                                    81.7 млн. теңгеге  жалақы  берешегі өтелді.

Мемлекетке 2,3 млрд. теңге қаржы қайтты және 661,3 га пайдаланылмаған жер қайтарылды.

346 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 128 млн. теңге айыппұл өндірілді. 8 заңсыз тексерудің алды алынды.

Активтерді шетелден қайтару бағытында мемлекетке 1 млрд. теңгеге жуық қаржы кері қайтарылды.

Мемлекеттік айыптаудың сапасын арттырумен апелляциялық және кассациялық тәртіптегі өтініштер бойынша 53 тұлғаға қатысты сот актілері заңға сәйкестендірілді.

8 адамға қатысты  ақтау үкімдерінің күші жойылып, олар қайта сотталды.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша қала прокуроры бірқатар нақты тапсырмалар берді.