«ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ»

«ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ»

Сотта мемлекет мүддесін қорғай отырып прокуратура органдары мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сот ісін жүргізуге қатысу сапасына үнемі талдау жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.11.2006 жылғы №1072 қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы Үлгілік ереже) мемлекеттік органдардың заң қызметтері тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды.

Сонымен талдау арқылы жекелеген мемлекеттік органдар тарапынан қойған талап арыздар бойынша тиісті өкілетсіз талап арызды кері қайтарып алу және одан бас тарту, сот талқылауына қатыспау бойынша дәйектіліктің болмауынан көрініс тапқан әртүрлі әрекетсіздіктер анықталды.

Кейбір мемлекеттік мекеме өкілдері басқа адамдардың мүдделерін қорғау үшін қойған талап арыздан бас тарта алмайтынына қарамастан талап арыздан бас тарту, заңнамалық тыйымға және азаматтық іс жүргізу кодексінің 60-бабының талаптарына қарамастан мемлекеттік мекеме басшылары мұндай құқықтарды өкілдерге беру фактілері, сондай ақ соттармен мемлекеттік мекеме өкілдері сот талқылауына себепсіз келмеуіне немесе қатыспауына байланысты талап арыздарды кері қайтару фактілері жиілегенін көрсетті.

Аталған және басқа да заң бұзушылықтарды ескере отырып қала прокуратурасы заңда көзделген жауаптылыққа кінәлі лауазымды тұлғаларды тарту туралы мәселе қойылып қадағалау актілерін енгізді.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы