«ЖЕР УЧАСКЕСІН ИГЕРУ ЖӘНЕ МАҚСАТЫНА САЙ ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТ»

«ЖЕР УЧАСКЕСІН ИГЕРУ ЖӘНЕ МАҚСАТЫНА САЙ ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТ»

Қала прокуратурасы кадастрлық құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын аумағы 75,3га. коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері игерілмей жатқанын және мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқанын анықтады.

 Оның ішінде, кадастрлық құны 2,37 млрд. теңгені құрайтын аумағы 74 га. жер учаскесі игерілмеген болса, құны 30 млн. жуық теңгені құрайтын аумағы 1 га. жер учаскелері нысаналы мақсатына сай пайдаланылмауда.

Жер кодексінің 92-бабының 2-тармағына сәйкес егер құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, мұндай жер учаскесi осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Жер кодексінің 94-бабында мақсаты бойынша пайдаланылмаған не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою тәртібі белгіленген.

Осыған байланысты, қала прокуратурасы Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментіне мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскесiн мемлекетке қайтару бойынша жұмыс атқаруға бағыттады.

Сондықтан, жер учаскесінің меншік иелері жерді игермеген немесе мақсатына сай пайдаланбаған жағдайда мемлекет меншігіне қайтару бойынша шара қолданылатынын назарларыңызға саламыз.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы