«ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ»

«ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ»

Азаматтардың мүліктік құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында прокуратура үнемі Krisha.kz әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізуде.

Нәтижесінде 2021-2022 жылдары көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына үлескерлердің ақша қаражатын заңсыз тартудың 17 (9-2021ж., 8-2022ж.) фактісі анықталды.

Прокуратура актілерімен 14 (9 - 2021ж., 5 - 2022ж.) мердігерді ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін материалдар сотқа жолданды, қалған 3 мердігерге қатысты материалдар жинақталуда.

Бүгінгі күнге 12 (9 – 2021ж., 3 – 2022ж. /«Capital avenue» ЖШС: Нұртас ш/а «Capital» ТҮК, «БекСтройСервис» ЖШС: Асар-2 м/а «Тарту» ТҮК, «Kerege Group Constraction» ЖШС: Қазанқап Ақын көшесі №2/4 «Аlim» ТҮК/) мердігер әкімшілік жауаптылыққа тартылды (әрқайсысына 210 АЕК мөлшерінде айыппұл), 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама сотта қаралуда.

Бұдан бөлек әкімдік алдағы уақытта ұқсас заңдылықты бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған жаңа іс-шаралар жоспарын бекітіп, әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар жарияланды және көшелерде билбордттар орнатылды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы