"КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ"

"КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ"

Мемлекеттік кірістер органы жеке кәсіпкер Р.-ге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 278-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомаларын төмендеткені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.

​ Кәсіпкер келіспей Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына (бұдан әрі – бірінші сатыдағы сот) мемлекеттік кірістер органдарының ӘҚБтК-тің 278-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру әрекетін заңсыз деп танып, күшін жою туралы шағымданған.

​Бірінші сатыдағы сот кәсіпкердің шағымын қарап, қанағаттандырудан бас тартты.

​Әкімшілік істі зерделеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама ӘҚБтК-тің талаптарын бұза толтырылғандығын көрсетті.

​ Осыған байланысты қала прокуратурасы бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жою туралы апелляциялық өтінішхатты енгізді.

​ Нәтижесінде Шымкент қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент қаласы прокуратурасының апелляциялық өтінішхатын 09.11.2022 жылы қанағаттандырып, бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылды және мемлекеттік кірістер органының жеке кәсіпкер Р.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру әрекеті заңсыз деп танылып жаңа шешім шығарылды, 07.09.2022 жылғы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама заңсыз деп танылып және күші жойылды.

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы