Қала прокуратурасы электронды істерге талдау жүргізу нәтижесімен мекемеаралық мәжіліс өткізді

Қала прокуратурасы электронды істерге талдау жүргізу нәтижесімен мекемеаралық мәжіліс өткізді

Шымкент қала прокуроры Ғ.Қ.Мұқановтың төрағалығымен құқық қорғау органдары, арнайы органдар, сот және уәкілетті органдарының бірінші басшыларының қатысуымен қылмыстық процесті цифрландыру мәселелері бойынша мекемеаралық мәжілісінің отырысы өтті.

Мәжілісте электронды істерді тергеп-тексеру барысында орын алған заңдылықты бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу және олардың  алдын алу шаралары  қарастырылды.

Қала аумағында тіркелген істердің 92% электронды нысанда жүргізілгені, тергеу нәтижесінде олардың 28% сотқа жолданғаны және электронды форматта жүзеге асатын «Е-Заң көмегі» және «Е-Сараптама» жобаларын қылмыстық қудалау органдарымен тиімді жүзеге асырып жатқандығы атап өтілді.

Қатысушылар электронды форматта тергеп-тексеру істерінің толық және объективті зерделенумен қатар, қылмыстық процесте азаматтардың сенімін арттыратынын айтып, алдағы уақытта оны одан әрі жетілдіруге қажетті  шаралар қабылданатындығын жеткізді. 

Мекемеаралық кеңестің қорытындысы бойынша қала прокуроры қатысушыларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы