АБАЙЛАҢЫЗ ВИРТУАЛДЫ АЛАЯҚТАР

АБАЙЛАҢЫЗ ВИРТУАЛДЫ АЛАЯҚТАР

01.01.2022ж. қадағалау органының бастамасымен құрылған ПД-нің Тергеу-жедел тобы 4 қылмыстық топты әшкереледі, олар өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, мегаполис пен басқа да облыс тұрғындарының  сенімдеріне кіріп, алдау арқылы ақшалай қаражат аударуды немесе қарыз ақша ресімдеуді ұсынып, нәтижесімен 210 млн. теңгеден астам сомаға залал келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына 30 күдікті адам қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органы күдікті адамдардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Қала прокуратурасы қала тұрғындарын абай болуға және бөгде адамдарға сауалнамалық, банктік деректерді бермеуге және ақшаны басқа шоттарға аудармауға ескертеді.

Күмәнді қоңыраулар болған жағдайда ақпаратты тексеру үшін Банктің Call орталығына дереу хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы