Шымкент қаласының прокуратурасында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

Шымкент қаласының прокуратурасында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қала прокуроры Ғ.Мұқанов әріптестерін Конституция күнімен шын жүректен құттықтап, құттықтау сөзінде "Конституция – біздің негізгі Заңымыз – елдегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі, мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасы. Сіздерге ашық аспан, келісім мен тұрақтылық тілеймін, әрбір отбасында бақыт пен амандық салтанат құрсын, ал Отанымыздың гүлденуі үшін жаңа жеңістерге ұмтылу бізді үлкен табыстарға жеткізсін!» - деп атап өтті.

Мереке аясында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және қала прокурорының қызметкерлерді марапаттау туралы бұйрықтары жарияланды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы