Алимент төлемеген борышкерлер қылмыстық жауаптылыққа тартылуда

Алимент төлемеген борышкерлер қылмыстық жауаптылыққа тартылуда

Қала прокуратурасы алимент өндіру туралы сот орындаушылар қозғаған атқарушылық іс жүргізулердің орындалу заңдылығына тұрақты түрде талдау жұмыстарын жүргізуде.

Шымкент қаласының сот орындаушыларының өндірісінде алимент өндіру туралы 12 298 атқарушылық іс жүргізу қалуда және өндірілмей жатқан алимент берешегі 749 млн. теңгені құрауда.

Бұл ретте, борышкерге қатысты «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мәжбүрлеп орындауға бағытталған шаралардың толық қабылдануы қамтамасыз етілуде және борышкерлерді Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту бағытында жұмыс жүргізілуде.

Жыл басынан алимент төлемеген 10 борышкерге қатысты сот үкімдері шыққан.

Мысалы: Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен, борышкер А.Ш. өзінің кәмелет жасқа толмаған қызы Д.Ш. ға алимент төлемдерін 2018жылғы қыркүйектен  бері төлемей жүргені үшін ҚР ҚК-нің 139- бабымен кінәлі деп танылып 9 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындаған (алимент берешегі 1 773 267 теңге).

Одан бөлек, 1 борышкерге қатысты қылмыстық іс жәбірленушіге алимент берешегін толық өтеуіне байланысты сотта ақталмайтын негіздермен қысқартылған.

Сонымен қатар 2 қылмыстық іс «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде ақтамайтын негізбен өндірістен тоқтатылған. Тергеп-тексеру нәтижесінде 1 қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қылмыстық қудалау органдары алимент төлемеген борышкерлерге қатысты 5 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы