Пробацияны цифрландыру

Пробацияны цифрландыру

Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен пробация қызметінде қоғамнан оқшауланбаған сотталғандарға арналған биометриялық электрондық терминал орнатылды.

Саусақ ізі және адамды сканерлеу терминалы сотталған адамды танып, ол туралы барлық ақпарат автоматты түрде оқылады (құжаттың нөмірі, фотосуреттер, жазаны өтеу мерзімдері, бабы және сот үкімінің шығарылған күні).

Биометриялық терминалдың көмегімен сотталушының пробация қызметіне келген нақты уақыты мен күні тіркеледі.

Жиналған деректер автоматты түрде базада сандық түрде сақталады және одан әрі тіркеу және белгіленген кестеге сәйкес белгілеу үшін сотталғандардың келуін бақылау үшін пайдаланылады, бұл есепте тұрған адамдарды бақылауды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді және пробация қызметтері тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.

Терминал тіркелу кезінде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер бұрын сотталушыны тіркеу 20-25 минутты (қағаз жүзінде) алса, қазір ол 1-2 минутта (терминал) жасалады.

Сонымен қатар тергеу изоляторында (ИЧ-167/11) прокуроратураның бастамасымен электрондық кезек терминалы орнатылды, қосымша салемдемелерді қабылдау пункті ашылды.

Нәтижесінде ұсталғандар үшін сәлемдемелерді қабылдау уақыты үш есе қысқартылды (сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, бұрын сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін) және ресімдеу бойынша бюрократиялық кедергілер барынша азайтылды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы