Соттардың өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талаптарды қарауының бірізділік сот практикасы қалыптастырылды

Соттардың өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талаптарды қарауының бірізділік сот практикасы қалыптастырылды

Шымкент қаласы прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету тобы өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап арыздар бойынша шығарылған сот актілеріне талдау жүргізді.

Нәтижесінде, анықталған 6 сот актісіне апелляциялық өтінішхаттар енгізілді.

Шымкент қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы өтінішхаттарда көрсетілген уәждермен толық келісіп, осыған орай барлық  апелляциялық өтінішхаттарды сот қанағаттандырды.

Бұдан бөлек, анықталған бұзушылықтар бойынша қала прокуратурасы қала әкімдігіне ұсыну енгізді.

Осылайша, қабылданған шаралар, бірінші сатылы соттардың өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талаптарды қараудың бірізділік сот практикасын қалыптастырды. Қала әкімдігімен арыз иелеріне сот актісі болған жағдайда жер учаскесі берілетіні туралы жауап жолдау практикасы тоқтатылды (әкімдіктің 2 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды).

 

Шымкент қаласының прокуратурасы