Прокурорлық қадағалау актісімен кәсіпкердің құқығы қорғалды

Прокурорлық қадағалау актісімен кәсіпкердің құқығы қорғалды

Ағымдағы жылы Еңбекші ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау мақсатында аудан бойынша оранатылған жол белгілерінің, жол жүрісінің қатысушыларының қауіпсіздігін ескере отырып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес орналастыруына талдау жұмыстарын жүргізді.

Жүргізілген талдау нәтижесінде жол полиция қызметкерлерінің қолданыстағы Жол жүрісі қағидаларын жетік білмеу салдарынан, жүргізушілерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартып, нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне кедергі келтіруіне алып келген фактілері анықталды.

Атап айтқанда, аудан прокуратурасына «Жаңа-Тұрмыс-Б» ЖШС-нің (бұдан әрі- ЖШС) директоры,  осы ЖШС-нің жүргізушісіне қатысты Жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін жол полиция қызметкерлері заңсыз әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылғаны туралы арызы келіп түскен.

15.03.2022ж. жол полиция қызметкерлерімен ЖШС-не тиесілі жүк автокөлігінің жүргізушісіне қатысты Жол жүрісі қағидасын бұзғаны үшін, яғни Жолдасбеков көшесінің бойында оранатылған 3.4. «Жук автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады» тыйым салынатын жол белгісіне қарамастан автокөлігін басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық хаттамасы толтырылған.

Алайда, жол полиция қызметкерлері тарапынан ЖШС-нің жүргізушісіне қатысты аталған әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын толтырмай жатып, соңғысының ЖШС-нің жүргізуші ретінде, осы кәсіпкерлік қызмет атқаратын Жолдасбеков көшесінің бойында орналасқан кәсіпорынға жүк тасымалдап жүргендігіне назар аудармаған.

Сонымен қатар, қолданыстағы Жол жүрісі қағидасының Ескертепесіне сәйкес, аталған «Тыйым салу» жол белгісі белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға қызмет ететін, сондай-ақ белгіленген аймақта тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтарға қызмет көрсететін немесе осы азаматтарға тиесілі көлік құралдарына қолданылмайды.

Аудан прокуратурасымен Шымкент қаласы ПД-не орын алған заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізілді.

Ұсынуды қарау нәтижесімен заңсыз толтырылған хаттаманың күші жойылып, заңсыз әкімшілік хаттама толтыруына жол берген жауапты жол полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аудан прокуратурасы тарапынан жеке кәсіпкер А.Б. жол белгілерінің дұрыс орнатылмау салдарынын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне кедергі келтіруіне алып келген уәжі өзінің дәлелін тауып, енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен Жолдасбеков көшесінің бойында орналасқан «Тыйым салу» жол жүру белгісі заңға сәйкестендіріліп, жеке кәсіпкермен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін 60 кәсіпкерлік субъектілерінің жүк көліктері қандай да бір кедергісіз қызмет етуіне мүмкіндік берілді.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы