Мекемеаралық мәжілістің қарау нәтижелері

Мекемеаралық мәжілістің қарау нәтижелері

Әл-Фараби ауданының прокуроры Қантөре Мырзанұлының төрағалығында аудан аумағында қоғамдық - саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау және әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын болдырмау жөніндегі мекемеаралық мәжілісі өтті.

Мәжіліске аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Мұсабаев, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының, Шымкент қаласының діни істері басқармасының және ҚР ҰҚК-нің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің Әл-Фараби аудандық бөлімінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде Мемлекеттік органдардың қоғамдық - саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау бағытындағы қызметінің тиімділігі, аудан аумағындағы діни және этносаралық тұрақтылық, тұрғындар арасында жиі көтеріліп жүрген өзекті мәселелер, сонымен бірге ұрлық қылмыстарының алдын алу мәселелері қаралды.

Мәжіліс барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларының осы бағыттағы атқарған жұмыстары мен шаралары туралы есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, аудан аумағында бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының ашылуының төмендігі ескертіліп, олардың ашылу көрсеткіштерін көтеру мақсатында арнайы топ құрып, тиісті жұмыстар жүргізуге бағытталды.

Аудан аумағындағы шешілуді қажет ететін әрбір шағымданып келген тұрғындардың уәждеріне аса көңіл бөле отырып мәселелерін шешу, сондай-ақ әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізу арқылы желі қолданушылар көтеріп жүрген мәселелерге назар аударып, оларды дереу шешу бойынша жұмыстар атқару тапсырылды.

Мәжіліс қорытындысымен аудан прокуроры қоғамдық - саяси ахуалдың тұрақтылығы мәселесі өте өзекті екенін, сондықтан уәкілетті мемлекеттік органдарға бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді ұсынды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы