Мүгедектердің құқықтары басты назарда !

Мүгедектердің құқықтары басты назарда !

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау болып табылады, олардың құқықтары басқа азаматтармен қатар болуы қажет. Басқа азаматтармен қатар теңдігі, денсаулық сақтауға, бiлiм алуға және қызмет түрiн, соның iшiнде еңбек қызметi түрiн еркiн таңдауға қол жеткiзуi болып табылады.

Ағымдағы жылы Абай ауданы прокуратурасының қадағалау актілерін қарау нәтижесінде 25 мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары қорғалып,  заң бұзушылыққа жол берген 7 кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы,  Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен мүгедектерді жұмысқа орналастыруды  ұйымдастыруға тиісті шара қолданбау салдарынан 99 мүгедекке белгіленген жұмыс орындары бойынша бірде бір мүгедек жұмыспен қамтылмағаны, квотаға сәйкес жұмыс орындары мүгедектердің жұмыс орындарына қойылатын стандарттарға сай келмейтіні анықталған.

Атап айтқанда, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында  халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде мүгедектің жұмыс орнының стандарттарын әзірлейді және бекітетіндігі көрсетілген.

Аталған Заңның 12-бабында мүгедек үшін оның тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесін ескере отырып, оған қолжетімді болуы қамтамасыз етілген жағдайдағы жұмыс лайықты деп есептеледi.

Алайда уәкілетті орган қызметкерлері аудан аумағындағы жұмыс ұсынған мекемелерге мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмыс орындары стандарттарға сәйкес болу қажеттігін түсіндірмеген.

Сәйкесінше жұмыс берушілер тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тұрмыс-тіршілігінің шектеулі дәрежесі ескерілместен кез келген бос жұмыс орындарын ұсынған.

Өз кезегінде бұл топтағы азаматтар шектеулі дәрежесіне сай ұсынылған жұмыстарды орындауға мүмкіндігі  болмауына байланысты бас тартуға мәжбүр болып келген.

Қадағалау актісін қарау нәтижесінде 25 мүгедек жұмысқа орналастырылып, қала аумағындағы барлық мүгедектерге жұмыс орындарын стандарттарға сай ұйымдастыру тәжірибесі қолға алынды.

Бұл бағытта аудан прокуратурасымен жұмыстар жалғасуда.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы