Шымкент қаласында «өңірлік қылмыстылықты криминологиялық болжау» пилоттық жобасы таныстырылды

Шымкент қаласында  «өңірлік қылмыстылықты криминологиялық болжау»  пилоттық жобасы таныстырылды

29.06.2022 ж. Прокуратура органдарының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратында өңірлік қылмыстылықты криминологиялық болжау бойынша пилоттық жобаның таныстырылымы өтті.

Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында, адам құқығын қорғау саласын жетілдіріп, қылмыспен күресудің практиқалық мәселелерін назардан тыс қалдырмау керек екені аталған.

Қылмыстың жай-күйін бағалау, оны болжау, қылмыстық қудалау органдарының қызметін дамытуды перспективалық жоспарлауда пайдаланылатын қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жаңа стратегиялық тәсілдерді белгілеуді арқау еткен жаңғыртудың маңызды кезеңдерінің бірі ретінде «өңірлік қылмыстылықты криминологиялық болжау» атты пилоттық жоба басталды.

Пилоттық жобаның тағы бір бағыты «мэтчинг» жолымен мемлекеттік органдардың ақпараттарын біріктіре отырып, криминологиялық болжам құру болып табылды. Қылмыстардың «цифрлық іздерін» статистикалық карталарда тіркеудің жаңа форматына көшу және жасалған қылмыстардың іздерін электрондылау мақсатында дерекқорларға түзетулер енгізілуде.

Сотталғандарға қарым-қатынасты өзгерту, жазасын өтеу шеңберінде кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, олардың құзыреттілігі мен кәсібін көрсету арқылы, электрондық есепке алу бойынша жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.

«Учаскелік» электронды чат, Tura zhol» телеграмм-бот құрылды, бұл учаскелік полиция қызметкерлерінің құқық қолдану практикасын жетілдіріп қана қоймай, өз аумағындағы ахуалдан хабардар болуға мүмкіндік береді.

Жалпы, қала аумағында «I-Shymkent» алаңында «Цифрлық технологиялар паркін» құру ұсынылды, ол әрбір қала тұрғынын цифрлық тұлғаға айналдырады және көптеген бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

«Өңірлік қылмыстылықты криминологиялық болжау» атты пилоттық жобаның орындалу барысы жөнінде қала тұрғындары тоқсан сайын хабарландырылатын болады.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы