Прокурорлық қадағалау актісі негізінде мемлекет бюджетіне 3,8 млн. теңге өндірілуі қамтамасыз етілуде

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде мемлекет бюджетіне  3,8 млн. теңге өндірілуі қамтамасыз етілуде

Шымкент қаласының прокуратурасы мемлекеттің жеке және заңды тұлғалар алдындағы материалдық міндеттемелерін туындатқан шешімдер бойынша сот практикасына талдау жүргізу нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер заң нормаларын дұрыс қолданбау салдарынан азаматтарға материалдық шығындар келтіріп, мемлекеттің қаржы есебінен 3,8 млн. теңге өтелгендігі анықталған.

Прокуратурамен қала әкімдігіне заңдылықты бұзушылықты жою туралы енгізілген ұсынудың қаралуы нәтижесінде 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, келтірілген шығындар жауапты қызметкерлерден олардың келісімімен ай сайынғы жалақыдан ұстап қалу шаралары қабылданған.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы