Прокурордың өтініші бойынша сот шешімі жойылды

Прокурордың өтініші бойынша сот шешімі жойылды

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (бұдан әрі – Әкімшілік сот) шешімімен Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясына «М-Нұрдана» ЖШС балабақшасының Талабы қанағаттандырылған.

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының «М-Нұрдана» ЖШС балабақшасын 2 млн.теңге мөлшерінде жан басына шаққандағы заңсыз қаржыландыруды қайтару туралы ұйғарымы заңсыз деп танылған.

Әкімшілік соттың шешімімен келіспеген Шымкент қаласының прокуратурасы оны апелляциялық сатыда қайта қарауға бастама көтерді.

Қарау нәтижесі бойынша бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылды, талап қанағаттандырылудан бас тартылды, апелляциялық өтініш қанағаттандырылды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы