Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі «Сергек» камераларының рөлі

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі «Сергек» камераларының рөлі

ҚР Президенті Қ-Ж.К.Тоқаев республикалық телеарналарға берген сұхбатында «Сергек» ақпараттық бағдарламалық кешені құқықтық тәртіптің нығаюы мен жол қозғалысына қатысушылардың тәрбиеленуіне оң әсерін тигізгендігін атап өтті.

Жол-көлік оқиғасы басым көпшілік жағдайда жол жүру ережесі талаптарын бұзушылық салдарынан орын алады.

Өткен жылы қала көшелерінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар шаралар қабылданды.

Оның бірі қала көшелеріндегі 200 орынға 800 дана және 30 көше қиылыстарындағы 100 орынға 877 дана, жол жүру ережесі талаптарын бұзу фактілерін тіркейтін 1 663 дана «Сергек» камералары орнатылып, іске қосылды.

Сонымен қатар, 24 сағат бейне бақылау жүргізетін 1500 дана жаңа камералар орнатылып, олардың саны 1979-ға жетті.

Орын алған құқық бұзушылықтарды анықтау процесіне аталған құрылғылар өз септігін тигізуде.

«Сергек» а.ж. 5 айында барлығы 288 328 жол ережесін бұзушылықтарды тіркеп, 2 млрд. 671 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 1 млрд. 987 млн. теңгесі немесе 74,4% өндірілген.

Қала тұрғындарын жол ережесі талаптарын сақтауға шақырамыз.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы