Прокурорлар қала аумағындағы жол қауіпсіздігі мәселесін талқылады

Прокурорлар қала аумағындағы жол қауіпсіздігі мәселесін талқылады

Қала прокуратурасының бастамасымен Полиция департаментінің ғимаратында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол шаруашылығындағы құқық бұзушылықтарды алдын-алу бағытында қабылдаған шараларының тиімділігі мәселесі бойынша мекемеаралық мәжілісі өтті.

Мәжіліс төрағасы Ғабит Мұқанов Шымкент қаласында а.ж. 4 айында 136 жол-көлік оқиғасы орын алып, жол-көлік оқиғасы 33,3% өскендігін атап өтті.

Мәжілісте қала прокуратурасының басқарма бастығы Қ.Айтбайұлы баяндама жасады, онда заңдылықтың жағдайы мен жүйелі проблемалық сұрақтарды көтерді, олардың шешу жолдарын ұсынды.

Бұл мәселелер бойынша Полиция департаментінің басшылары есеп берді.

Мәжіліс қорытындысымен қала прокуроры Ғабит Мұқанов жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол шаруашылығындағы құқық бұзушылықтарды алдын-алу бағытында тиісті шараларды, сондай-ақ кез-келген азаматтар мен жол қозғалысына қытысушылардың жол қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтар туралы ақпараттар мен мәліметтерді ұсыну үшін әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Twitter, Telegram, Tik Tok және YouTube) біртекті парақшалар ашып, қажетті шараларды қабылдап, халықпен кері байланыс орнату мәселесін арттыруды тапсырды.

Сайттың іске қосылған сәті туралы тиісті ақпарат берілетін болады.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы