Балалардың құқықтары қорғалды

Балалардың  құқықтары  қорғалды

Адам құқығы, бала қорғаудан басталады.  

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдарының басым бағыттары болып табылады.

Осы орайда, қала прокуратурасы органдары балабақшаларда тамақтану жағдайына қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптардың сақталуына талдау жүргізіп, заңдылықты бұзушылықтарды анықтады.

Денсаулық сақтау министрінің 09.07.2021 жылғы №ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға жəне сəбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының 102) тармағына сəйкес объектілерде объекті басшылары бекіткен перспективтік маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мəзір (таңғы ас, екінші таңғы ас, түскі ас, бесін ас, кешкі ас және екінші кешкі ас) жасалады жəне оған өңірде шығарылатын отандық өнімдер ассортименті ескеріледі.

Алайда, қаламыздағы 352 балабақшаның перспективтік ас мəзірлеріне қажетті витаминдерге бай тағамдардың бірқатары қосылмай санитариялық-эпидемиологиялық талаптары бұзылған.

Прокуратура бастамасымен перспективтік ас мәзірлері талапқа сәйкестендіріліп, 41 231 баланың құқықтары қорғалды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы