Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Бас прокуратураға алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Шымкент қаласының прокуратурасы белгілі шаралар қабылдауда.
Бүгін Шымкент қаласының прокуратурасында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда алаяқтыққа және қаржы пирамидаларын құруға, сондай-ақ көлеңкелі экономикаға байланысты қылмыстық істерді тергеу бойынша сот-тергеу практикасы мәселелері қаралды.
Бастамашы қала прокуратурасы болды.
Отырыста қала прокуроры тіркелген қылмыстардың жалпы санының 1,8% немесе 8598-ден 8753-ке дейін өсуіне назар аударды.
Оның ішінде 33,2% немесе 2912 алаяқтық, қаржы пирамидасын құру – 66 немесе 0,7% құрайды.
Интернет ресурстарын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық қылмыс фактілерінің 58% немесе 322-ге өсуіне ерекше назар аударылды.
Мұндай үрдіс құқық қорғау және уәкілетті органдар жүргізетін профилактикалық шараларды арттыруды талап етеді.
Отырыста қала прокурорының орынбасары Е.Марат осы санаттағы қылмыстардың жолын кесу бойынша құқық қорғау және уәкілетті органдардың жұмыс жағдайы туралы баяндады.
Полиция департаменті бастығының орынбасарлары С.Ж.Ергешовтің, А.А.Бейсенбаевтың және А.Б.Әмзеевтің есептері тыңдалды.
Бірлескен талқылау қорытындысы бойынша прокуратура мен полицияның алаяқтық пен қаржы пирамидасына қарсы күрес жөніндегі тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық топты пилоттық режимде құру туралы шешім мақұлданды.
Топ қылмыстардың алдын алумен, анықтаумен, тексерумен және дәлелдемелерді жинаумен, сондай-ақ залалды өтеумен айналысатын болады. Нәтижелері туралы апта сайын есеп беретін болады.
Кеңес төрағасы Ғабит Мұқанов құқық қорғау және уәкілетті органдардың қызметін сандық көрсеткіштер бойынша ғана емес, сапалық параметрлер бойынша да бағалаудың нақты критерийлерін айқындау қажеттігін атап өтті.
Бұл ретте азаматтардың сенім деңгейін арттыру басты жетістіктердің бірі болуы тиіс.
Көлеңкелі экономика бойынша қабылданып жатқан шараларға қатысты осы құбылыстың пайда болу себептері мен шарттары талқыланып, кейіннен аталған бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Қала прокурорының бірінші орынбасары Н.Сейдалиев атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Мемлекеттік кірістер, Экономикалық тергеу департаменттерінің, полиция мен әкімдіктердің басшылығы осы салада қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.
Фискалдық органдарға құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесіне қол жеткізуді ұсыну жөнінде ұсыныстар енгізу туралы шешім қабылданды.
Бұл қол жетімділік жалған шот-фактураларды шығару үшін жалған тұлғаларға тіркелген "бір күндік фирмаларды" анықтауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сонымен қатар, көлеңкелі айналымнан ақша мен мүлікті шығаруға бағытталған басқа да ұсыныстар жасалды.
Талқылау қорытындысы бойынша кеңес төрағасы Ғабит Мұқанов уәкілетті органдарға жекелеген міндеттерді тапсыра отырып, адал кәсіпкерлердің құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілмейтіндігін атап өтті.