Шымкент қаласының прокуратурасы C-ОGP-4санатты бос лауазымға орналасуға прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:

Шымкент қаласының прокуратурасы C-ОGP-4санатты бос лауазымға орналасуға прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:

Шымкент қаласының прокуратурасы, 160011, Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 97, электронды адрестер: 7252677@prokuror.kz, 7252678@prokuror.kz, анықтама телефоны: (8-7252) 53-47-42, C-ОGP-4санатты бос лауазымға орналасуға прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерінің арасында ішкі конкурс жариялайды:

        

  1. Шымкент қаласы прокуратурасының Жедел іздестіру қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы.

 

Жоғары тұрған бос басшы лауазымына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мінсіз атақ, кәсіби, іскерлік және жеке сапалар болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген лауазымға орналастыруға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы №90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау арқылы жүзеге асырылады.

   

Қала прокуратурасы басқармасының бастығы лауазымына қойылатын біліктілік талаптар:

   

1)прокуратура органдарында бес жылдан, оның ішінде Бас прокуратураның орталық аппаратында, ҚСжАЕАК/Бас прокуратураның облыстық органдарында, ҚСжАЕАК екі жылдан кем емес еңбек өтілінің немесе басшы лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2)құқық қорғау органдарындағы лауазымдарда сегіз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы;

3) мемлекеттік қызметте тоғыз жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда төрт жылдан кем емес;

4)осы санаттағы нақты лауазымның фукнционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда он жылдан, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы.

 

Ішкі конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттары

   

Ішкі конкурсқа қатысу үшін өтініш хабарландыру жарияланған сәттен бес жұмыс күннен кешіктірілмей Қазақстан Республикасы БасПрокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі№118 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларының(бұдан әрі-Қағидалар) 1-қосымшасына сәйкес нысанда Шымкент қаласы прокуратурасының кадрқызметіне беріледі («Қадағалау» АЖ арқылы және7252677@prokuror.kz, 7252678@prokuror.kz электрондық мекенжайларға қайталау қажет).

Өтінішке жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама, лауазымды тұлғаның кандидатқа қатысты Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда берген ұсынымхаты (бұдан әрі -ұсынымхат) қоса беріледі.

Ұсынымхатқа Бас прокуратура қызметкерлері үшін Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары не олардың орынбасарлары, облыс прокуратураларының, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Бас прокуратураның ҚСжАЕАК және оның аумақтық органдарының қызметкерлері үшін - прокуратура органдарының басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ көзделген мерзім бұзыла отырып ұсынылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурса қатысуға өтінішін кері қайтарады.

Кадр қызметі кандидаттарды жарияланған лауазымға біліктілік талаптарының сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіптік, іскерлік және жеке сапаларын зерттейді.

Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тестілеудің оң нәтиже алған кандидаттар әңгімелесуден өтеді.

Кандидаттармен әңгімелесуді Шымкент қаласы прокуратурасының комиссиясы жүргізеді.

Әңгімелесуді өткізу күні мен уақыты туралы, кандидат ол өткізілгенге дейін үш жұмыс күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

   

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №118 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.