
Бизнесті қорғау жөніндегі Жол картасы шеңберінде қала прокуратурасы ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аймақтық басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, «NurOtan» қалалық филиалы және қала әкімдігі мен бірлесіп кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Мобильдік топ құрған.
Мобильдік топтың мақсаты – мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу және бизнеске кедергі келтіру туралы өтініштермен қоңырауларға жедел әрекет ету.
Кәсіпкерлер заңсыз тексерістер бойынша немесе мемлекеттік орган қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты қала прокуратурасына 8 (7252) 53-91-84, 8-778-111-25-42, Абай ауданының прокуратурасына 8-707-717-09-93, Әл-Фараби ауданының прокуратурасына 8-702-699-04-55, Еңбекші ауданының прокуратурасына 8-707-442-96-26, Қаратау ауданының прокуратурасына 8-778-220-19-77 телефон нөмірлеріне хабар бере алады.
Шымкент қаласының прокуратурасы