Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «10 үздік» номинациялары байқауының қорытындысы шығарылды

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «10 үздік» номинациялары байқауының қорытындысы шығарылды

Шымкент қаласының прокуратурасында марапаттау рәсімі өтті. Комиссия отырысының шешіміне сәйкес, 10 номинация бойынша үздіктер анықталып, қала прокурорының атынан марапатталды.

«10 үздік» номинацияларының иегерлері:

1. «Сот өкілдігінің озаты» – 6-басқарма прокуроры Байымбетов Еркін Серікбайұлы.
2. «Тұрақтылық тірегі» – қала прокурорының аға көмекшісі – топ жетекшісі Базарбаев Нариман Сайдиганиұлы.
3. «Кәсіби процессуалист» – Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары Сәдібеков Ерлан Шораұлы.
4. «Білгір тәлімгер» – 2-басқарма бастығының орынбасары Лебаев Айдос Жақсыбекұлы.
5. «Талдау шебері» – 1-басқарма аға прокуроры Шунеев Біржан Жолдыбайұлы.
6. «Қоғам қалқаны» – Әл-Фараби ауданы прокуратурасының аға прокуроры Есжанова Меруерт Нұрланқызы.
7. «Әділдік қыраны» – Абай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Тұрлыби Нұрым Ұланұлы.
8. «Жас үміт» – Абай ауданы прокуратурасының прокуроры Жұмабаев Дінмұхамед Нұрмолдайұлы.
9. «Ұйымшыл ұжым» – 1-басқарма.
10. «Үздік көшбасшы» – 6-басқарма бастығы Алдабергенов Нұрлан Есіркепұлы.

 

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы