Шымкентте инвесторлардың қызметіне заңсыз кедергі келтірген лауазымды тұлғалар жауаптылыққа тартылды

Шымкентте инвесторлардың қызметіне заңсыз кедергі келтірген лауазымды тұлғалар жауаптылыққа тартылды

Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы инвесторлардың құқығын қорғау саласында жүргізілген талдау Шымкент қаласы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы лауазымды тұлғалары тарапынан инвесторлардың қызметіне заңсыз кедергі келтіру фактілерін анықтады.

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелге экспорттау үшін қажетті фитосанитариялық сертификаттарды алу кезінде инвесторларға құжаттарды беруде негізсіз кедергілер жасалған.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша мекеме басшысы мен лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабы 4-бөлігімен 4 әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Нәтижесінде кінәлі тұлғаларға жалпы сомасы 865 мың теңге айыппұл салынды. Айыппұлдар толық көлемде төленді.

 

Прокуратура тарапынан инвесторлардың құқығын қамтамасыз ету және осындай заң бұзушылықтарға жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылданды.

 

                                                    

 

    Шымкент қаласының прокуратурасы