Шымкент қаласының прокуратурасы медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғады

Шымкент қаласының прокуратурасы медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғады

Шымкент қаласы прокуратурасының ықпалымен 117 медициналық
қызметкерге 46,7 млн. теңге көлемінде қажетті жәрдемақы төлеуге қол
жеткізілді.
Талдау барысында ағымдағы жылдың сәуір-маусым айлары аралығында
қалалық ауруханалардың медициналық қызметкерлеріне (ШЖҚ МКК«№2
қалалық ауруханасы»-55 және ШЖҚ МКК «№1 Қалалық клиникалық ауруханасы»-62)
Covid-19 короновирустық инфекциясы эпидемиясына қарсы күреске
қатысқаны үшін жәрдемақының дұрыс төленбегені анықталды.
Қадағалау шаралары барысында жоғарыда аталған қарыз сомасы өтелді
және төрт лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды (2 бас
бухгалтер, 2 бас дәрігердің орынбасары).

Шымкент қаласының прокуратурасы