Шымкент қаласы Абай ауданының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып жатыр.
Прокуратураның араласуымен «ДРЦ Туран» ЖШС мен «Turkestan Logistic» ЖШС жүзеге асырып жатқан қойма кешендерін салу жобалары бойынша туындаған жер учаскелерін пайдалану мерзімін ұзарту мәселесі шешімін тапты.
Қадағалау актісінің нәтижесінде жобалар прокурорлық сүйемелдеуге алынып, субаренда шарттарының мерзімі ұзартылды.
Соның нәтижесінде жалпы инвестиция көлемі 2,2 млрд теңгеден асатын екі жобаның құрылысы үздіксіз жалғасуда. Қазіргі таңда «ДРЦ Туран» жобасының дайындығы 80%-ды, ал «Turkestan Logistic» жобасы 70%-ды құрайды.
Қабылданған шаралар инвесторлардың құқықтарын қорғауға, жобаларды уақытылы іске асыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Шымкент қаласының логистикалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік берді.
Прокуратура органдары инвесторлар мен кәсіпкерлерді құқығы бұзылған жағдайда +7 707 615 00 10 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.
Шымкент қаласының прокуратурасы