«Кәсіпкерлікті қолдау прокуратура органының басым бағыттарының бірі!»

«Кәсіпкерлікті қолдау прокуратура органының басым бағыттарының бірі!»

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы инвестор кең қолданыстағы балмұздақ, жайма өнімдерін шығарушы "Ленгер Групп" ЖШС-ның жүк тасымалын оңтайландырды.

 

Атап айтқанда, «Ленгер Групп» ЖШС-нің Шымкент қаласындағы өндірістік қоймасы орналасқан Б.Саттарханов көшесіндегі жол бойындағы тұтас жолақ қоймадан өнімдерді тасуға арналған жүк көліктеріне қолайсыздықтар тудырған.

 

 Кәсіпкердің аталған мәселе бойынша уәкілетті органдарға келтірген шағымдары нәтижесіз қалған.

 

Аудан прокуратурасының ықпал етуімен инвесторда туындаған мәселені шешу мақсатында тиісті органға хат жолданып, қоймаға кіретін көше бойындағы тұтас сызық үзік сызық жол таңбасына ауыстырылды.

 

 Осылайша жүк тасымалына қолайлы жағдай жасалды.

 

Прокуратура органы тосқауылдарға тап болған инвесторлар мен кәсіпкерлерді +77076150010 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

 

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы