Оқу жылының аяқталуына байланысты Шымкент қаласының прокуратурасы мен полиция қызметкерлері қала аумағындағы 159 мектепте кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Оқу жылының аяқталуына байланысты Шымкент қаласының прокуратурасы мен полиция қызметкерлері қала аумағындағы 159 мектепте кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Оқу жылының аяқталуына байланысты Шымкент қаласының прокуратурасы мен полиция қызметкерлері қала аумағындағы 159 мектепте кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әр түлектің өміріндегі маңызды сәтте прокуратура және полиция қызметкерлері бітіруші түлектерге ізгі тілектерін білдіріп, заңға құрмет пен тәртіпке бағыну – табысты әрі жарқын болашақтың негізі екенін атап өтті.

Біз бүгінгі түлектердің ертең ел болашағына үлес қосатын, әділдік пен адалдықты ту еткен, білімді әрі саналы азамат болып қалыптасатынына сенім білдіреміз.

Биыл қала бойынша 16 063 түлек мектеп бітірді.

Барша түлектерге сәтті қадам, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз! Армандарыңыз орындалып, жолдарыңыз әрдайым ашық болсын!



                                   

 Шымкент қаласының прокуратурасы