Әл-Фараби ауданының прокуратурасы «STOP-RISK» жобасы бойынша №1 мектеп-гимназиясында оқушылардың қатысуымен сот процесінің сахналық қойылымын өткізді

Әл-Фараби ауданының прокуратурасы «STOP-RISK» жобасы бойынша №1 мектеп-гимназиясында оқушылардың қатысуымен сот процесінің сахналық қойылымын өткізді

Әл-Фараби ауданының прокуратурасы «STOP-RISK» жобасы бойынша №1 мектеп-гимназиясында оқушылардың қатысуымен сот процесінің сахналық қойылымын өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар сот процесін бейнелеп, судья, прокурор және адвокат рөлдерін орындады.

Кездесу қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар марапатталды, сондай-ақ жастар арасында заңға құрмет пен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Айта кету керек, аудан прокуратурасы аталған мектепке қамқорлық алған. Бүгінде оқушылармен құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында тұрақты түрде кездесулер өткізіліп келеді.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар 50%-ға төмендеді.

Заң мен тәртіп әрқайсымыздан басталады.

#ЗмТ

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы