Алимент төлемеу - балалардың мүддесіне тікелей қауіп

Алимент төлемеу -  балалардың мүддесіне тікелей қауіп

Шымкент қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған сот актілерінің нақты орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде 119 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 81-іне әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылды.

Балаларды асырау міндетінен жалтарған тұлғаларға қатысты 29 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оның 22-сі сотқа жолданды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 384 млн теңге көлемінде алимент өндірілді.

  Қала прокуратурасы ескертеді, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға арналған қаражаттарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

 

 

 

  

 

Шымкент қаласының прокуратурасы