Шымкент қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен «Бозарық» индустриялық аймағында инвестициялық жобаны іске асыруға кедергі келтірген әкімшілік тосқауылдарды жойды.
«BAYMEN FOOD» ЖШС минералды су мен алкогольсіз сусындар өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруда.
Жалпы инвестиция көлемі 2 млрд теңгені құрайды, 50 жұмыс орны ашылады.
Талдау барысында инвестордың ұзақ уақыт бойы электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды ала алмағаны анықталды.
Өтінімдер белгіленген талаптарға сәйкес келгеніне қарамастан, уәкілетті органдар бірнеше рет келісуден бас тартқан, бұл кәсіпорынды іске қосу мерзімдеріне қауіп төндірген.
Мәселені жедел шешу мақсатында прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдар мен инвестордың қатысуымен ведомствоаралық кеңес ұйымдастырылды.
Прокурорлық араласу нәтижесінде инвесторға қысқа мерзімде қуаты 1,3 МВт электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар берілді.
Әкімшілік кедергілер жойылды, жоба жоспарлы режимде жалғасуда.
Шымкент қаласының прокуратурасы әкімшілік тосқауылдарға тап болған инвесторларды +77076150010 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.
Шымкент қаласының прокуратурасы