Шымкент қаласының прокуратурасы ресми жұмыс істемейтін алимент төлеушілерге арналған бейне-түсіндірме дайындады

Шымкент қаласының прокуратурасы ресми жұмыс істемейтін алимент төлеушілерге арналған бейне-түсіндірме дайындады

Шымкент қаласының прокуратурасы ресми жұмыс істемейтін алимент төлеушілерге арналған бейне-түсіндірме дайындады.

Ресми табысы жоқ азаматтар үшін алимент қарызы ҚР бойынша орташа айлық жалақы негізінде есептеледі (шамамен 430 000 теңге). Бұл нақты табыс төмен болса да, берешектің жасанды түрде тез өсуіне әкеп соғады.

​Бейнероликтің мақсаты — табысты заңдастырудың (ЖК ашу немесе жұмысқа тұру) артықшылықтарын көрсету:

- әділ есептеу, яғни нақты табыстан ұсталады;

- ​ЖСО қызметіне минималды төлем жасау (тоқсанына небәрі 1 АЕК);

- әлеуметтік пакет: жеке кәсіпкердің мәртебесі арқылы тегін медициналық көмек және зейнетақы стажы жиналады.

​Жиналған алимент берешегі бала 18 жасқа толған соң жойылмайды. Ол шоттарды бұғаттауға, басқа да тыйымдардың салынуына және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

​Прокуратура ескертеді: Табысты заңдастыру — қарыз жинағаннан әлдеқайда тиімді.​

 

 

 

 

Шымкент  қаласының прокуратурасы