Индустриялық аймақта сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне арналған тарифтер төмендетілді

Индустриялық аймақта сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне арналған тарифтер төмендетілді

Қала прокуратурасы табиғи монополия субъектілерінің тарифтерінің негізділігін талдау барысында «Ордабасы индустриялық аймақ» ЖШС-нің тарату желілері арқылы су беру және су бұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғайғанын анықтады.

Көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуі монополист тарапынан бекітілген тарифтік сметада көзделмеген қосымша табыстың алынуына әкеп соғады. 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша монополист үшін су беру және сарқынды суларды бұру қызметтеріне арналған жаңа тарифтер мен тарифтік сметалар бекітілді.

Нәтижесінде 96 тұтынушы үшін сумен жабдықтау қызметтерінің тарифі 21%-ға (190,68 теңгеден 149,16 теңгеге дейін 1 м³ үшін), ал су бұру тарифі 43%-ға (131,49 теңгеден 74,86 теңгеге дейін 1 м³ үшін) төмендетілді.

Қабылданған шаралармен индустриялық аймақтың 96 қатысушысының құқықтары қорғалып, бұл өз кезегінде олар өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік берді.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және қала прокуратурасының бақылауында.

 

 

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы