Шымкент қаласында ауқымды профилактикалық акция басталды.
Акция барысында қаладағы 25 мешітте 25 мыңнан астам азаматты қамтыған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акцияның негізгі мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, жекелеген құқық бұзушылықтардың заңға қайшылығын түсіндіру, сондай-ақ заң бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.
Іс-шараға полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ имамдар қатысуда.
Олар жамағат арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар ақпараттық брошюралар таратылып, профилактикалық әңгімелер ұйымдастырылуда.
Қала прокуратурасы барлық тұрғындарды азаматтық жауапкершілік танытуға және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамауға шақырады.
«Қауіпсіз қала - әрбір азаматтың жауапкершілігі!» қағидатын бірлесіп қана қалыптастыруға болады.
#ЗаңменТәртіп
Шымкент қаласының прокуратурасы