Шымкент қаласының прокуратурасы «World Class» фитнес-клубы инвесторының құқықтарын қорғады

Шымкент қаласының прокуратурасы «World Class» фитнес-клубы инвесторының құқықтарын қорғады

 

Шымкент қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруі арқылы қызмет көрсету саласындағы ірі инвестордың құқықтарын қалпына келтірді.

Инвестор «World Class» фитнес-клубы жобасын іске асырған. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрап, нәтижесінде 100-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасы тұрғынның өтініші негізінде нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік орган фитнес-клубтың қызметін толық тоқтату туралы нұсқама шығарған.

Прокуратура аталған талаптың заңсыз екенін анықтаған.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 31-3-бабына сәйкес уәкілетті орган мазмұны бойынша дұрыс емес нұсқама шығарған.

Лауазымды тұлғалардың әрекеттері кәсіпкерлік қызметтің заңды жүзеге асырылуына кедергі келтіріп, бизнестің жұмысын тоқтатуға әкеп соққан.

Қала прокуратурасы прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, оның нәтижесінде фитнес-клуб қызметін тоқтату туралы бұйрықтың күшін жойған.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін уәкілетті органның қызметкері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің  173-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 216 250 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

 

 

 

 

 

 

  Шымкент қаласының прокуратурасы