Қала прокуратурасының бастамасымен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин жұмыс сапарымен қадағалау органына барды.
Кездесу барысында ұлттық телеком-оператордың басшысы киберқылмыс пен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасау үшін құрылған «Антифрод-колл-орталықтың» жұмысымен танысты.
Мұндай тетік қылмыстарға жай ғана әрекет етуге емес, олардың алдын алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтардың қаржылық шығындары мен психологиялық қысымға ұшырау тәуекелдерін азайтады.
Ең көп таралған алаяқтық схемалар — жалған тауар жеткізу, туыстарының атынан жол-көлік оқиғасы туралы хабарламалар, салық органдары атынан жасалатын қоңыраулар, сондай-ақ медициналық тексерулерге шақырулар.
Кездесу қорытындысы бойынша интернет-алаяқтықпен күреске цифрлық байланыс саласындағы басқа провайдерлерді тарту арқылы әріптестікті одан әрі кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.
Байланыс операторлары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту жүйенің техникалық мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырып, азаматтарды қорғау тиімділігін күшейтеді.
Шымкент қаласының прокуратурасы