Прокуратураның қолдауымен өнеркәсіптік кәсіпорынның тоқтап қалуына жол берілмеді

Прокуратураның қолдауымен өнеркәсіптік кәсіпорынның тоқтап қалуына жол берілмеді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын жүйелі әрі тиімді қорғауға басымдық беріп, маңызды инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде сүйемелдеуді қамтамасыз етуде.

«Meiram Kurylys» ЖШС металл конструкцияларын өндірумен айналысады. Жобаны іске асыру шеңберінде 500 млн теңге көлемінде инвестиция салынып, 70 жұмыс орны құрылған.

Қабылданып жатқан шаралар аясында прокуратура тарапынан жер учаскесін жалға беру бойынша шарттық міндеттемелердің бұзылуына байланысты туындаған проблемалық мәселені шешу бойынша «Meiram Kurylys» ЖШС-не қолдау көрсетілді.

Прокуратураның бастамасымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында кездесу ұйымдастырылып, оның нәтижесі бойынша инвестор мен жалға беруші арасында жер учаскесін жалға беру туралы қосымша келісім жасалды.

Қабылданған шаралар зауыттың тоқтап қалуына жол бермеуге, сондай-ақ қызметкерлерді жалақысыз демалысқа жіберу қаупінің алдын алуға мүмкіндік берді.     

Бизнес субъектілері өзекті мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының +77076150010 нөміріне немесе Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г, Заңғар бизнес орталығының ғимараты) хабарласа алады.

             

                  

 

  Шымкент қаласының прокуратурасы