Шымкентте 139 мың оқушы ауқымды құқықтық акцияға қатысты

Шымкентте 139 мың оқушы ауқымды құқықтық акцияға қатысты

Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен мегаполистің білім беру мекемелерінде «Bala Protect» жобасы аясында құқықтық акция өтті.

Қаланың 164 мемлекеттік мектебінде 6-11 сынып аралығындағы 139 мың оқушы «Заң мен тәртіп» тақырыбында бірыңғай диктант жазды.

Шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға баулу.

Диктант мазмұны оқушыларға әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіндіруге және құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған.

Мұндай шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және мемлекетіміздің «Заң мен Тәртіп» қағидатын ұстанатын берік қоғам ретінде дамуына септігін тигізеді.

 

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

 #ЗмТ