Шымкентте прокуратураның үйлестіруімен 600 оқушыға арналған қауіпсіздік сабағы өтті

Шымкентте прокуратураның үйлестіруімен 600 оқушыға арналған қауіпсіздік сабағы өтті

Бүгін Шымкент қаласынының прокуратурасы полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп «Балалар және жол: қауіпсіздік аймағы» атты ауқымды оқыту іс-шарасын өткізді.

Аталған іс-шараға 600-ден астам мектеп оқушылары қатысып «жапон» әдісі бойынша шын автомобильдерді, манекендер мен полицейлерді пайдалана отырып, оқиғаның себептері, салдары, әдеттегі қателіктер және баланың жолдағы дұрыс әрекеттерінің алгоритімі көрсетілді.

Бұл іс-шара мектеп оқушыларына жолдарда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жол көлік оқиғасын азайту мақсатында жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы