Бүгін Шымкент қаласынының прокуратурасы полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп «Балалар және жол: қауіпсіздік аймағы» атты ауқымды оқыту іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шараға 600-ден астам мектеп оқушылары қатысып «жапон» әдісі бойынша шын автомобильдерді, манекендер мен полицейлерді пайдалана отырып, оқиғаның себептері, салдары, әдеттегі қателіктер және баланың жолдағы дұрыс әрекеттерінің алгоритімі көрсетілді.
Бұл іс-шара мектеп оқушыларына жолдарда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және кәмелетке толмағандардың қатысуымен жол көлік оқиғасын азайту мақсатында жүргізілуде.
Шымкент қаласының прокуратурасы