Мекемелерде қылмыстық жазалардың орындалуының заңдылығына қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратура Шымкент қаласының прокуратурасымен бірлесе отырып, босатылған сотталғандар арасында қайталама қылмыстың алдын алу және олардың толыққанды қайта әлеуметтенуіне бағытталған кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Мекемелерде қылмыстық жазалардың орындалуының заңдылығына қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратура Шымкент қаласының прокуратурасымен бірлесе отырып, босатылған сотталғандар арасында қайталама қылмыстың алдын алу және олардың толыққанды қайта әлеуметтенуіне бағытталған кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Мекемелерде қылмыстық жазалардың орындалуының заңдылығына қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратура Шымкент қаласының прокуратурасымен бірлесе отырып, босатылған сотталғандар арасында қайталама қылмыстың алдын алу және олардың толыққанды қайта әлеуметтенуіне бағытталған кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Негізгі мақсат - бір реттік кездесулермен шектелмей, әрбір босатылатын адаммен жүйелі жұмысты жолға қою. Жыл сайын мыңдаған азаматтар қалыпты өмірге оралады және қолдауға, құқықтық сауаттылыққа, өз мүмкіндіктерін түсінуге мұқтаж. Олар дұрыс бағыт-бағдарды неғұрлым ертерек алса, қайталама құқықбұзушылыққа тап болу қаупі соғұрлым азаяды.

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында прокуратура профилактикалық және құқықтық ағартушылық жұмыстарды күшейтуде: құқықтар, әлеуметтік қолдау тетіктері, ықтимал еңбек және тұрмыстық шешімдер, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жолдары түсіндіріледі. Мұның бәрі әлеуметтік тәуекелдерді төмендетуге және рецидивтің алдын алуға бағытталған.

Мамандандырылған прокуратура алдағы уақытта да құзырлы органдармен бірлесіп, ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, қатысушылардың қамтылуын кеңейтіп, қайта интеграциялау бағдарламаларының тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі шараларды енгізетін болады.

Басты міндет - бостандыққа шыққан әрбір адамның жаңа, заңға құрметпен қарайтын өмір бастауына мүмкіндік беру және қоғамның қауіпсіздігіне қосымша кепілдік қамтамасыз ету.

 

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы