Бас  Прокурордың бұйрығымен Шымкент қаласы прокурорының орынбасары болып Данияр Жақсылықұлы Ермеков тағайындалды

Бас  Прокурордың бұйрығымен Шымкент қаласы прокурорының орынбасары болып Данияр Жақсылықұлы Ермеков тағайындалды

Бас  Прокурордың бұйрығымен Шымкент қаласы прокурорының орынбасары болып Данияр Жақсылықұлы Ермеков тағайындалды.

 Данияр Жақсылықұлы 30 қазан 1978 жылы Қарағанды облысында туылған. Білімі жоғары, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін аяқтаған.

Құқық қорғау органдарында еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы Алматы аудандық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымынан бастап, бірқатар жауапты қызметтерді атқарған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілін 2005 жылы Астана қаласының прокуратурасында басқарма прокуроры, аға прокуроры, қала прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, тергеу және анықтау басқармасында бөлім бастығы, басқарма бастығы, Бас прокуратураның басқарма аға прокуроры, Бас Прокурордың аға көмекшісі, Қылмыстық қудалау қызметінде басқарма бастығы болып қызметтерін атқарды.

2023 жылдың сәуірінен бастап осы күнге дейін Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары лауазымын атқарған.

Д.Ермеков құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 26 жыл. 

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы