Өзгерістер елшілері: Жастар – Заң мен Тәртіп үшін!

Өзгерістер елшілері: Жастар – Заң мен Тәртіп үшін!

Заңның күші – санада. Дәл осындай ұранмен 500-ден астам студент пен қала жастарын біріктірген кездесу өтті.

Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлық, интернет-алаяқтық, буллинг, лудомания және өзге де әлеуметтік мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша студенттердің қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға қатысуы туралы шешім қабылданды.

Енді жастар құқық қорғау органдары өкілдерімен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету бойынша «Өзгерістер елшілеріне» айналады.

Іс-шара соңында қала прокуроры Ғабит Мұқанов жас ұрпақтың жаңа азаматтық мәдениетті қалыптастыру мен заңға құрметті арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

 

 

 

Шымкент қаласының прокуратурасы